Математикалық журнал

Жалпы мағлұмат

Математика және математикалық модельдеу институты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 маусымдағы № 786 қаулысымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика, информатика және механика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының және «Математика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорнының негізінде ұйымдастырылды. Институт қызметінің пәні математика және математикалық модельдеу саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу болып табылады.

 

ҚР БҒМ ҒК МИМИ РМК Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы № 280 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының мәселелері" қаулысына сәйкес құрылған «Физика-математикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрамынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 тамыздағы № 800 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының мәселелері туралы» қаулысына сәйкес құрылды.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 маусымдағы № 786 қаулысы қабылданғанға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылыми комитетінің «Математика, информатика және механика институты» РМК келесі еншілес компаниялары болды:

  • «Математика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорны

  • «Информатика және менеджмент мәселелері институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорны

  • «Академик Ө.Ә. Жолдасбеков атындағы Механика және инженерлік ғылым институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорны

Математика институты 1965 жылы математика және механика секторы мен машина және есептеу математикасы зертханасы негізінде ұйымдастырылды. 1965 жылдан 1992 жылдың ақпанына дейін институт «ҚазКСР ҒА Математика және механика институты» деп аталды; 1992 жылғы наурыздан 1999 жылғы 8 наурызға дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Теориялық және қолданбалы математика институты; 1999 жылғы 9 наурыздан – Математика институты. 2008 жылдан бастап Математика институты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Математика, информатика және механика институтының еншілес мемлекеттік кәсіпорны болып табылады.

 

 

Стратегиялық даму жоспары