Математикалық журнал

«Дифференциалдық операторлар және олардың қолданылуы» қалалық ғылыми семинары 54

Қалалық ғылыми семинар

«Дифференциалдық операторлар және олардың қолданылуы»

Математика және математикалық модельдеу институты, каб. 306, 

15:00 (Алматы, GMT+5), 08 ақпан 2024

 

Семинар Zoom арқылы трансляция жасалады

https://us02web.zoom.us/j/6678270445?pwd=SFNmQUIvT0tRaHlDaVYrN3l5bzJVQT09

Конференция идентификаторы: 667 827 0445, Кіру коды: 1

 

Семинар жетекшілері:

ҚР ҰҒА академигі М. Өтелбаев, ҚР ҰҒА академигі Т.Ш. Қалменов,

профессор Б.Е. Кангужин, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі М.А. Садыбеков

 

Баяндамашы: Айтжанов Серик Ерсұлтанұлы, ф.-м.ғ.к., доцент

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

 

Тақырыбы: «Үшінші ретті псевдопараболалық теңдеу үшін кері есептердің шешімділігі»

 

Аннотация: 

Бұл жұмыста үшінші ретті псевдопараболалық теңдеу үшін оң жағын идентификациялау және коэффициентті кері есептерін (белгісіз коэффициенттер x және t айнымалыларына тәуелді) қарастырамыз.  Мұндай классикалық емес теңдеулер Соболев типті теңдеулер деп те аталады. Қазіргі уақытта гидродинамика, механика, жылу физикасы, тұтас орта механикасында процестерді модельдеу және басқару қажеттілігіне байланысты псевдопараболалық теңдеу үшін тура және кері есептерді зерттеу белсенді түрде дамып келеді. Сонымен қатар, кері есептерді зерттеу маңызды, өйткені олар мұнай кен орындарын игеруді жоспарлау мәселелерін шешуде, атап айтқанда, кен орындарының сүзу параметрлерін анықтауда, өлшеу құралдарының жаңа түрлерін жасауда, қоршаған ортаны бақылау мәселелері және т.б. есептерді шешуде қолданылады. Бұл жұмыста Галеркин әдісімен коэффициентті кері есебінің шешімі бар және жалғыздығы дәлелденді, сонымен қатар шектелген облыста шешімнің ақырлы уақытта қирауы үшін жеткілікті шарттары алынды. Кері есептің сандық шешімінің алгоритмі құрастырылып, жұмыста алынған теориялық есептеулерді көрсету үшін сандық тәжірибелер жүргізілді.

 

Барлықтарыңызды күтеміз!

Жаңалықтар