Математикалық журнал

«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҚОҒАМ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖАРҒЫСЫ

  1. Жалпы ережелер
  • «Қазақстандық математикалық қоғам» (бұдан әрі Қоғам) Қазақстан математиктерінің ерікті негізде құрған қоғамдық бірлестігі болып табылады. Қоғам өз қызметтерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтары мен осы Жарғыға сәйкес жүргізеді.
  • Қоғам мемлекеттік тіркеуден өткен мезеттен бастап барлық құқықтары мен міндеттері белгіленген заңды тұлға болып табылады.
  • Қоғамның атауы:
    • толық – 1.1.     «Қазақстандық математикалық қоғам» қоғамдық бірлестігі,
    • Қысқаша – «ҚМҚ» ҚБ,
  • Қоғам өз мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін өзіне тиесілі мүліктерге иелік етуге, оларды еркін пайдалануға, Қазақстан Банктерінде есеп-шоттар ашуға, келісімдер мен келісім-шарттар жасауға, мөр мен штампқа, өз атауы жазылған бланкқа ие болуға құқылы. Қоғам белгіленген тәртіпте өз атауы жазылған эмблеманы  тіркеуге құқылы.
  • Қоғам пайда табуды мақсат етпейді.
  • «ҚМҚ» ҚБ заңды мекен-жайы: 050010, Алматы қ, Медеу ауданы, Пушкин көш, 125.
  • Қоғам жарғылық мақсаттар мен міндеттер мүддесі үшін басқа мекемелермен, сонымен қатар шет елдік мекемелермен ынтымақтастық үшін ашық қызмет етеді.
  • Қоғамдық бірлестіктің мәртебесі: аймақтық қоғамдық бірлестік
  • Қоғамдық Бірлестікті тіркеген күннен кейін бір жылдың ішінде ҚБ мәртебесін растау үшін аумақтық заң орындарында тіркелген филиалдардың есептік тіркеуден өткендігін растайтын  құжаттарының көшірмелерін ҚБ осы бірлестікті тіркеген органға тапсыру міндетті.
  • Филиалдар Қоғамдық Бірлестіктің құрылымдық бөлімшелері болып табылады. Олар Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан азында орналасады, ҚБ жұмыстарының бір бөлігін ықтиярлылық, демократиялық, есептілік, тең құқықтық және жариялылық қағидалар негізінде орындайды. Филиалдар қызметті Бірлестіктің жарғысы негізінде жасайды. Филиалдың ашылуы туралы шешім Бірлестіктің Жалпы ортақ жиналысынды қабылданады, хаттамасына Бірлестіктің мүшелері қол қояды.
  1. Қоғам қызметінің мақсаты мен пәні
  • Қоғамның мақсаты Қазақстандағы математика мен математикалық білім берудің дамуына жан-жақты ықпал ету, сонымен қатар Қазақстан математиктерінің басқа мемлекеттер математиктерімен ғылыми байланыстарын дамыту мен нығайтуға ықпал ету.
  • Жарғылық міндеттерді жүзеге асыру үшін Қоғам Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарына сәйкес келесі қызметтерді жүргізеді:
    1. Қазақстан мен шет елдердегі математикалық ғылымдарының жетістіктерін насихаттау мен таратуға ықпал ету;
    2. ғылыми баяндамалар ұйымдастыру:
      • жаңа ғылыми жаңалықтарға арналған;
      • математиканың жекелеген салалары мен  салалас ғылымдарының жай күйіне арналған;
    3. Қоғам мүшелерінің математика және оның қолданылуларындағы ғылыми жұмыстарының жоспарлары мен нәтижелерін талқылау;
    4. Қазақстан математиктерінің съездерін (конгрестерін) ұйымдастыру және өткізу;
    5. Математика мен оның қолданылуларына арналған Халықаралық, Республикалық конгрестерді, симпозиумдерді, конференцияларды ұйымдастыру мен өткізуге ықпал жасау;
    6. ғылыми ақпаратпен бөлісуге, мамандардың Қазақстанда немесе шет елдерде тағылымдамалардан өтуге ықпал жасау;
    7. республика математиктерінің қалың қауымын жұмылдыру мен қатыстыру үшін Халықаралық және Республикалық форумдар туралы ақпараттар тарату;
    8. өз бетінше және басқа мекемелермен бірлесіп баспа қызметі аясында математикадан ғылыми және ғылыми көпшілік журналдар және басқа да математикалық әдебиеттер шығару, сонымен қатар математиктердің жарияланымдар жасауына ықпал ету;
    9. математика мен математикалық  модельдеу  салалары  бойынша   конкурстар  өткізу,  Қоғам   атынан  қомақты  ғылыми  жұмыстары  үшін  сыйлықтар  мен Мадақтаулар   тағайындау   және  беру,  Қоғамның   құрметті  атағын   тағайындау;
    10. жоғары мектеп үшін бағдарламалар жасау, математиканы оқыту әдістерін, оқулықтарды және т.б. талқылауға қатыса отырып, әртүрлі деңгейлерінде математиканы оқытудың деңгейін көтеруге ықпал ету;
    11. Кіші Ғылым Академиясының математика бөлімінің жұмысына көмек көрсету;
    12. халықаралық ғылыми байланыстардың нығаюына жағдай жасау, халықаралық коммерциялық емес мемлекеттік емес бірлестіктерге кіру;
    13. өз қызметі туралы есеп жариялау.
  • Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және Қазақстан Республикасының халықаралық келісім-шарттарымен белгіленген ретпен халықаралық қызметтер жүргізуге құқылы. Халықаралық байланыстар халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу, шетелдік қоғамдық бірлестіктермен өзара қарым-қатынастар жасау, халықаралық бағдарламаларға қатысу және халықаралық тәжірибеде қабылданған және Қазақстан Республикасының заңнамаларына, халықаралық құқық нормалары мен принциптеріне қайшы келмейтін басқа да нысандарда жүзеге асырылады.
  • Қоғам қолданыстағы заңнамаларға  қайшы  келмейтін  қызметтерді  жүзеге  асыра  алады.  Қоғам  қолданыстағы  заңнамаларға  қайшы  келмейтін  жарғылық  мақсаттарға    жетуге   бағытталған   кәсіпкерлік  қызметпен  де   айналыса   алады.
  • Өз қызметінде Қоғам заңдылық, жариялылық, тең құқықтылық, еріктілік және өзін-өзі басқару, өзіне ұқсас ұйымдармен ықпалдастық, Қоғамның басқару органдарының сайланымдығы және сайланған жетекшілердің тапсырылған іске жеке жауапкершілігі принциптерін басшылыққа алады. Қоғам қызметі ашық және ақпарат қолжетімді болуы тиіс.

       3. Қоғамның, Қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

  • Қоғамға мүше болу ерікті түрде және тең құқықтылық негізде жүзеге асады.
  • Математика саласында жемісті ғылыми және ғылыми-педагогикалық жұмыс жүргізетін Қазақстан азаматтары, сонымен қатар саяси партиялар мен кәсіби одақтардан басқа заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер ҚМҚ қоғамдық бірлестігінің мүшелері бола алады.
  • Қоғамға мүшелігіне азамат Қоғам Президиуміне жазбаша арызы негізінде қабылданады. Қоғамға мүшелікке қабылдауды Қоғам Президиумі жүзеге асырады. Қоғам мүшелері тең құқықты және олардың жауапкершіліктері бірдей.
  • Қоғамда құрметті мүшелік қарастырылған. Құрметті мүшені математика дамуындағы ерекше еңбегі үшін Қоғам Президиумі сайлайды.
  • Қоғам мүшелері құқылы:
    • Қоғам қызметіне қатысты барлық мәселелерді жиналыста талқылауға шешуші дауыспен қатысуға;
    • Қоғамның сайланбалы органдарына сайлауға және сайлануға;
    • Қоғам өткізетін іс-шараларға қатысуға;
    • Президиум белгілеген үлгідегі Қоғам мүшелігінің куәлігін алуға;
    • Қоғам қызметі туралы жедел ақпараттарды алуға;
    • Қоғамның және оның органдарының жұмысы туралы ұсыныстар мен ескертулер жасауға;
    • Қоғамның материалдық-техникалық базасын пайдалануға;
    • Қоғамның әр түрлі көмектерін алуға;
    • Қоғамның мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін жарна төлеуге және қайырымдылық жәрдемін жасауға;
    • Қоғам Президиуміне жазбаша арыз беру арқылы Қоғам мүшелігінен еркін шығуға.
  • Қоғам мүшелері міндетті:
    • Қоғамның Жарғысын сақтауға;
    • өз қызметімен Қоғам мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал етуге;
    • құзырлылық шеңберінде қабылданған Қоғамның Жалпы Жиналысы және Президиумі шешімдерін орындауға;
    • мүшелік жарнаны үзбей төлеп тұруға.
  • Қоғам мүшесі осы Жарғының талаптарын бұзған жағдайда Қоғам президиумі оны Қоғам мүшелігінен шығаруға шешім қабылдай алады.

       4. Басқару органдары

  • Қоғамның жоғары басқарушы органы болып оның мүшелерінің Жалпы Жиналысы болып табылады.
  • Жалпы Жиналыстың оған ҚМҚ мүшелерінің (жетекші ғалым-математиктер) 1/2-нен көбі қатысқан жағдайда құқықтық күші болады.
  • Жалпы Жиналыс отырысын жылына кем дегенде бір рет өткізеді. Кезекті Жалпы Жиналысты шақыру және оның күн тәртібі туралы шешімді Қоғам Президенті Президиуммен бірлесіп шешеді. Кезектен тыс Жалпы Жиналыс Қоғам Президентінің, Президиумнің, Қоғам мүшелерінің 1/2 мүшелерінің бастамасымен шақырылуы мүмкін.
  • Жалпы Жиналыс құзырына мына сұрақтар қарайды:
    • Қоғамның құжаттарын қабылдау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Қоғамдық бірлестіктің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қоғамның жоғары басқарушы органы -Жалпы Жиналыстың шешімімен қолданыстағы заңнам алар негізінде жүзеге асырылады.
    • Қоғамды ерікті түрде  қайта құру және тарату;
    • Қоғам басқарма органының өкілеттілігінің құрылуын және тоқтатылуын яғни ұйым құрылымы мен құзырын анықтау: Төралқа, Президент, вице-Президентті, Ғылыми хатшы, негізгі қызмет бабы бойынша редколлегия және комиссияны, ҚМҚ мүшелерінен қазынашылар мен тексеру комиссиясын 3 жылдық мерзімге сайлау;
    • атқарушы органдардың қаржылық есеп беру тәртібі мен  ұсыну мерзімін, сонымен қатар бақылау органдарының тексеріс өткізу тәртібі мен олардың бекіткен нәтижелерін анықтау;
    • ҚМҚ жұмыс жоспарын бекіту, сонымен қатар ҚМҚ Төралқасының есеп беруін тексеріп қарап оны бекіту;
    • бекітілген заңнамалық актілер бойынша Қоғамның жеке басқа да заңды тұлағалардың сонымен қатар өз бөлімшелері мен  өкілдіктерінің  қызметіне немесе құрылуына қатыса алуы туралы шешім қабылдау;
    • Қоғам қызметінің басқа да сұрақтарын заңнамалық актілерге сәйкес шешу.
  • Жалпы Жиналыс шешімі ашық дауыспен Жарғыны бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Қоғамды қайта құру және тарату туралы мәселелерден басқа мәселелерде Жалпы Жиналысқа қатысушы мүшелердің жәй көпшілік дауысымен қабылданады, соңғы жағдайларда Жалпы Жиналысқа қатысушы мүшелердің 2/3-ден кем емес даусы қажет болады. Президентті, Президиумді, Қоғамның Тексеру комиссиясын сайлау ашық немесе құпия даусы беру арқылы жүргізіледі.
  • ҚМҚ қызметін басқаруды оның мүшелерінің Жиналыстары арасында Қоғам Президиумі жүзеге асырады. Президиум өз отырыстарын қажеттілікке қарай тоқсанына кем дегенде бір рет өткізеді. Президиум отырысының оған Президиум мүшелерінің 2/3-і қатысқан жағдайда заңды күші болады. Президиум шешімі оған отырысқа қатысушылардың жәй көпшілік даусы  берілген  жағдайда  қабылданады.
  • ҚМҚ Президиумі
    • Қоғам қызметі ережелерді, нұсқауларды жасайды;
    • Қоғам мүліктерін жасау мен пайдалану реттері туралы құжаттарды бекітеді;
    • Қоғам мүшелігіне қабылдау мен шығаруды жүзеге асырады;
    • жыл сайын тіркеуші органға Қоғам жұмысының жүріп жатқандығы туралы, басқарушы органның нақты орны, оның атауы және Қоғам жетекшілері туралы заңды тұлғалардың бірігей мемлекеттік реестріне енгізілген көлемде мәліметтер беріп отырады.
  • ҚМҚ Президиумі Қоғам мүшелері қатарынан Қоғамның қызметі бағыттары бойынша секциялар ашу туралы мәселені шешеді, секциялар туралы ережені бекітеді.
  • ҚМҚ Президиумі Қазақстан математиктері Конгресін өткізуді ұйымдастырады: келесі Конгрестің өтетін орнын, мерзімін (4 жылда 1 рет) анықтайды.
  • ҚМҚ Президиумі Халықаралық Математикалық Одақ қызметі шеңберінде ағымдағы жұмыстарды жүзеге асырады, математиктердің Халықаралық конгресіне дайындықтар жүргізеді, республикадағы математикалық іс-шаралар туралы ағымдағы ақпараттарды таратады, IMU Бас Ассамблеяларына ҚМҚ өкілдерін анықтайды.
  • Президиум отырысына Қоғам Президенті, ол болмаған жағдайда оның Вице-президенттерінің бірі төрағалық етеді.
  • Президиум қызметінің барлық қаралатын мәселелері Президиум бекіткен Президиум Регламентімен анықталады. Шешім ашық немесе жабық дауыспен қатысушылардың жәй көпшілік дауысымен қабылданады.
  • Қоғам Президенті
    • Қоғамның барлық жұмыстарына жалпы басшылық жасайды;
    • қызметіне байланысты Президиум мүшесі болып табылады және оның жұмысын басқарады;
    • Жалпы Жиналыс шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
    • банк мекемелерінде Қоғамның есеп және басқа да шоттар ашады және оларды ретімен жұмсай алады;
    • Жалпы Жиналыс пен Президиумінің құзырына ғана кіретін мәселелерден бөлек Қоғамның қызметіндегі барлық мәселелерді шешеді.
  • Қоғам Президенті сенім хатсыз Қоғам атынан әрекет етеді.
  • Қоғам Президенті және оның вице-президенттері Қоғамның қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие болады. Қоғамның ақшалық құжаттарына Екінші қол қою құқығына ерекше сенім хатсыз Қоғам қазынашысы ие болады.
  • Қоғамның вице-президенттері
    • Президентке оның жұмысында көмек көрсетеді, Президент анықтаған Қоғам  қызметінің бағыттарына басшылық жасайды;
    • Қоғам Президенті болмаған жағдайда Вице-президенттер Қоғам Президентінің арнайы ұйғарымы негізінде немесе Президиум шешімімен оның барлық функцияларын атқарады.
  • ҚМҚ Президенті және Вице-президенттер ҚМҚ-ның ресми өкілдері болып табылады және осы Жарғыда қарастырылған Қоғамның мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған барлық заңды актілер жасағанда Қоғам атынан әрекет етуге құқылы. Президент және вице-президенттер жұмыс атқаратын ғылыми-зерттеу ұйымдары немесе жоғары оқу орындары келісім-шарт негізінде Қоғамға бөлме қарастырады, көмек көрсетеді, келісім-шартта көрсетілген мерзімде ҚМҚ жұмысына қажетті жағдайлар жасайды.
  • Тексеру комиссиясы өз құрамынан төраға сайлайды, Қоғамның қаржылық-шаруашылықтық, кәсіпкерлік және басқа да қызметтерінің ҚМҚ Жарғысында сәйкестігін тексереді. Тексеру комиссиясы тек ҚМҚ мүшелерінің Жалпы Жиналысына есепті болады. Президиум Тексеру комиссиясының бірінші талабы бойынша ҚМҚ мүшелерінің Жалпы Жиналысын шақыруға міндетті.
  • Тексеру комиссиясы жылына кем дегенде бір рет жоспарлы тексеру жүргізеді және Қоғамның Жалпы Жиналысында жылына кем дегенде бір рет есеп береді. Тексеру комиссиясы Қоғамның қызметтік тұлғаларынан барлық қажетті материалдарды, бухгалтерлік есептерді немесе басқа да құжаттарды, жеке түсініктемелерді талап етуге құқылы.

      5. Қоғамның қаржылары мен мүліктері

  • Қоғам өз иелігіндегі мүліктерге меншіктік құқыққа ие болады. Қоғамның әрбір жеке мүшесі Қоғам иелігіндегі мүлік бөлігіне меншіктік құқыққа ие бола алмайды. Қоғам құрылыстарға, тұрғын-үй фондына, көліктерге, құралдарға, инвентарларға, мәдени-ағарту және сауықтыру мүліктеріне, ақшалай қаржыларға, акцияларға, басқа да бағалы қағаздарға және Қоғамның жарғылық қызметтерін материалдық қамтамасыз етуге қажетті басқа да мүліктерге меншіктік құқыққа ие бола алады. Қоғамның филиалдары занды тұлға ретінде мүліктерге ие бола алады.
  • Қоғамның қаржылары
    • кіру және мүшелік жарналардан;
    • ерікті жарналар мен қайырымдылық көмектерден және сыйлардан;
    • Жарғыға сәйкес дәрістерден, олимпиадалардан, көрмелерден және басқа да іс-шаралардан түскен қаржылардан;
    • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен тыйым салынбаған басқа да түсімдерден құралады.
  • Кіру және жыл сайынғы жарналардың мөлшері мен төлену ретін Жалпы Жиналыс анықтайды.
  • Қоғам қолданыстағы заңнамалармен белгіленген мөлшерде және ретте бюджетке қажетті аударымдар жасайды.

      6. Қоғамды қайта құру және тарату

  • Қоғамды қайта құру Жалпы Жиналыс шешімі бойынша бірігу, қосылу, бөліну, ажырау және өзгеріске ұшырау арқылы жүзеге асады. Қоғам мүліктері қайта құрылған соң Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде қарастырылған ретте жаңа құрылған заңды тұлғаларға өтеді. Қоғамды қайта құрғанда Қоғамға тиесілі құқықтар мен міндеттер құқық қабылдаушыға өтеді.
  • Қоғам мынадай жағдайларда таратылуы мүмкін:
    • Жалпы Жиналыстың Қоғам мүшелерінің Жалпы Жиналысына қатысушылардың (сонымен бірге физика-математика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі бар ғалымдар)  2/3 дауысы шешімімен;
    • қолданыстағы заңнамаларда қарастырылған жағдайларда сот шешімімен.
  • Жалпы Жиналыс немесе сот тарату комиссиясын (ТК) тағайындайды, тарату реті мен мерзімі белгіленеді. ТК тағайындалған мезеттен бастап Қоғамның мүліктерін және істерін басқару оның құзырына көшеді.
  • ҚМҚ заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуде таратылу туралы жазба түсірілген мезеттен бастап таратылды деп есептеледі.
  • Таратылған Қоғамның мүліктері осы Жарғыда қарастырылған мақсаттарға бағытталады.
  • Тарату кезінде жеке құрам бойынша құжаттар заңда қарастырылған ретте мемлекеттік сақтауға жіберіледі.
  • Қоғамның таратылуы туралы шешім бизнес-идентификациялық нөмірлердің ұлттық реестрінен шығару үшін Қоғамды тіркеген органға жолданады.
  1. Қоғамдық бірлестіктің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
  • Қоғамдық бірлестіктің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қоғамның жоғары басқарушы органы - Жалпы Жиналыстың шешімімен қолданыстағы заңнамалар негізінде жүзеге асырылады.