Мазмұнға өту

АВТОРЛАР ҮШІН

Авторлар үшін «Kazakh Mathematical Journal» журналының мақала авторларына арналған  ережелері

Жалпы ережелер

       «Kazakh Mathematical Journal» журналында қазіргі математиканың негізгі бөлімдері:  функциялар теориясы, функционалдық талдау, қарапайым дифференциладық теңдеулер, дербес туындылы теңдеулер, алгебра, логика, сандар теориясы, геометрия, топология, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика, есептеу математикасы, математикалық физика, математикалық моделдеу бойынша төлтума мақалалар жарияланады. Журнал тоқсан сайын шығарылады, төрт нөмір  бір томды құрайды. Мақала жоғары ғылыми дәрежеде жазылып, жаңа, анық тұжырымдалған математикалық нәтижелерді және олардың дәлелдеулерін қамтуы керек. Кіріспеде ұсынылып отырған жұмыстың тақырыбына қатысты қолда бар нәтижелерді келтіру, мақаланың қысқаша мазмұнын беру және автордың алған нәтижелерінің көкейкестілігін, жаңалығын көрсету қажет. Журналдың мақалалары ҚР БҒМ Математика және математикалық моделдеу институтының www.math.kz сайтында еркін түрде орналастырылады, оларға  ҰҒТАО (Қазақстан), Zentralblatt Math (Германия) мазмұндама жасайды. 

   «Kazakh Mathematical Journal»-да  журналдың 10-нан 25-ке дейінгі  бетінің көлеміндегі мақалалар жарияланады. 25 беттен артық көлемдегі мақалалар редакция алқасының арнайы шешімі бойынша жарияланады. Тек ағылшын тілінде жазылған мақалалар қабылданады. Мақалалар рецензиядан өтеді.

 

Мақалаларды дайындауға қойылатын талаптар

 

  1. Мақаланың қолжазбасы LaTeX-2е баспалық жүйесінде даярлануы және екі қатты көшірме түрінде, сонымен қатар tex және pdf-файлдар түрінде тапсырылуы қажет, файлдарды кез келген электрондық тасымалдағышта өткізуге немесе math_journal@math.kz электрондық пошталарына жіберуге болады. Мақалада барлық авторлардың қолы қойылған болуы қажет.  Қолжазбаны дайындау ережесі және стильдік файлдар Математика және математикалық моделдеу институтының www.math.kz сайтындағы «Математикалық журнал» бөлімінен табуға болады.
  2. Сол жақ жоғарғы бұрышында ӘОК индексін көрсету керек, одан әрі аты-жөнінің бірінші әріптері және авторлардың тегі әліпби реті бойынша, жұмыс орны пошта мекен-жайымен, сонымен қатар электрондық мекен-жайлар, мақаланың аты келтірілуі тиіс. Жеке бетте мақаланың аты, авторлардың тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері, кілттік сөздер, орыс, ағылшын және қазақ тілдеріндегі рефераттар (Қазақстандық авторлар үшін) және Mathematics Subject Classification 2010 индексі қосымша беріледі. Реферат мақаланың мазмұнын қамтып бейнелеуі қажет. Сонымен бірге, авторлар жөнінде мәліметтер, жұмыс орны, пошта бөлімінің индексі көрсетілген пошталық мекен-жайы, қала коды көрсетілген телефон номері, электрондық пошта мекен-жайы деректері ұсынылады.
  3. Әдебиеттер тізімі дәйексөз алу реті бойынша құрастырылады. Жарияланбаған жұмыстардың нәтижелерін дәлелдеулерде пайдаланып, сілтеме жасауға рұқсат етілмейді. Әдебиеттердің тізімі келесі түрде келтіріледі:

 

Әдебиеттер

[1]. Мынбаев К.Т., Отелбаев М.О. Весовые функциональные пространства и спектр дифференциальных операторов - М.: Наука, 1988. - 288 c. (для монографий)

[2]. Женсыкбаев А.А. Моносплайны минимальной нормы и наилучшие квадратурные формулы // Успехи матем. наук. - 1981. - Т. 36, вып. (или №) 4. - С. 107–159.

Жоғарыда келтірілген ережелерді қанағаттандырмайтын қолжазбалар авторларға қайта жөндеуге, толықтыруға қайтарылады. Егер мақаланың мазмұны журналдың талаптарына сай болмаса, редакция мақаланы қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

"Kazakh Mathematical Journal" редакциясының мекен-жайы:

ҚР БҒМ ҒК Математика және математикалық моделдеу институты, Пушкин к., 125, Алматы, 050010, факс: 8 (727) 2 72 70 24, тел.: 8 (727) 2 72 46 32 ( 308 б.), e-mail: math_journal@math.kz, web-site: www.math.kz

 

Ұқсас материалдар

Серіктестер