Математикалық журнал

Математика және Математикалық Модельдеу Институты "Ғылым көсбасшысы - Web of Science Awards - 2020" марапатының иегері атанды

Бүгін, 25 қараша күні "Zoom" платформасында жыл сайынғы "Ғылым көшбасшысы - Web of Science Awards-2020" марапаттау рәсімі өтті. Іс - шараны ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Ғылым комитетінің қолдауымен "Clarivate Analytics" халықаралық компаниясы.

 

Математика және Математикалық Модельдеу Институты Қазақстан Республикасының институттары арасында математика саласы бойынша "Web of Science Core Collection ішіндегі пубикациялық жариялымдар белсенділігі бойынша көшбасшы" номинациясында марапатталды.

 

Жеке марапатты математика саласындағы жоғары мәртебелі қазақстандық автор ретінде ИМММ ғалымы - Нұрлан Исмаилов алды.

 

Айта кетсек, әлемнің ең үздік ғалымдары мен ғылыми зерттеу жүргізетін ұйымдары осы "Web of Science Award" халықаралық марапатының иегерлері бола алады.

 

Ғалымдар мен ИМММ ұжымын жоғары марапатқа қол жеткізуімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңалықтар