ҚАЗАҚСТАН МАТЕМАТИКТЕРІ М.В. ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ ММУ-НІҢ ІРІ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Қазақстан математиктерінің делегациясы «Математика және механиканың қазіргі мәселелері» атты ірі халықаралық ғылыми конференцияға қатысты. Конференция 2019 жылдың 14-15 мамыр аралығында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінде өтті.
Барлығы конференцияға Ресейдің әртүрлі ғылыми орталықтарынан 320-дан аса ғылыми баяндамаларымен және 80-ге жуық басқа да мемлекеттерден қатысушылар қатысты.
Қазақстанның математиктері ММУ-де өткізілетін ғылыми конференциялардың жұмысында үнемі қатысады. Осы жылы конференцияның бағдарлама комитеті қазақстан математиктерінің 14 баяндамаларын тікелей қатысу үшін іріктеп алды. Және де Қазақстанның делегациясы құрамы бойынша басқа мемлекеттердің арасындағы ең үлкен болып табылды.
Қазақстанның қатысушыларының құрамында – ҚР БҒМ ҒК Математика және математикалық моделдеу институтының (Алматы), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің Қазақстандағы филиалының, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, Назарбаев университетінің, Х.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің математиктері болды.
Дайындалған ғылыми баяндамалардың өте жоғары деңгейін ескере отырып, (М.В. Ломоносов атындағы ММУ) конференцияның ғылыми комитеті бірнеше біздің математиктерді шақырылған баяндамашылар ретінде конференция кезіндегі жол және тұрғылықты орындарының барлық шығындарын толықтай төлейтінін атап өтті. Шақырылған баяндамашылар ретінде ҚР ҰҒА академигі Тынысбек Шәріпұлы Кәлменов, ҚР ҰҒА академигі Рысқұл Ойнаров, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Махмуд Абдысаметович Садыбеков, профессор Балтабек Есматович Кангужин және профессор Ерлан Даутбекович Нурсултанов болды. Сонымен қатар, ҚР ҰҒА академигі Т.Ш. Кәлменов және ҚР ҰҒА корреспонден-мүшесі М.А. Садыбеков конференцияның арнайы сессияларының жетекшілері болды.
Конференцияның жұмысы пленарлық және секциялық баяндамалардан тұрды. Бірнеше ғылыми бағыттар бойынша баяндамалар тыңдалды, олар: Операторлар теориясы және функционалдық талдау, Дифференциалдық теңдеулер, Функциялар теориясы және есептеу математикасы, Математикалық физика және геометрия, Механика және қолданбалы математика.
Конференцияның жұмысында ММУ-нің ректоры РҒА академигі В.А. Садовничий; РҒА вице-президенті, РҒА математика ғылымы бөлімшесінің академик секретары академик В.В. Козлов; РҒА Президиумының мүшесі академик Ю.С. Осипов; РҒА академигі Е.И. Моисеев; РҒА корреспондент-мүшелері А.И. Аптекарев, О.В. Бесов, А.В. Ильин, С.И. Кабанихин, Т.Е. Моисеев; және басқа да белгілі математиктер қатысты.
Биылғы жылы конференция ММУ-нің ректоры РҒА академигі В.А. Садовничийдің 80 жылдығына арналды. Бірақ конференция құттықтау акциясына айналған жоқ. Бұл шыныменде, конференция тақырыбы бойынша жұмыс істейтін ғалымдардың іргелі математикалық зерттеулерінің нақты жоғары халықаралық деңгейін тағы да көрсеткен өте ірі ғылыми шара болды. Қазіргі математикадағы ең өзекті ғылыми бағыттары талқыланды.
Қорытынды сөзінде, ұйымдастыру комитетінің төрағасы академик В.А. Садовничий конференциядағы ұсынылған баяндамалардың жоғары деңгейін конференцияның атап өтті. Ол біздің мемлекеттеріміздің жалпы дамуы үшін терең іргелі математикалық зерттеулердің қажеттілігін тағы да ерекше көңіл бөлді. Кейінгі 10 жылдың ішінде шындап өскен, қазақстан математиктерімен алынған ғылыми нәтижелерді және қазақстанның математика ғылымының жоғары деңгейін ол жеке атап өтті.
Сонымен қатар, академик В.А. Садовничий 2022 жылды Ресейдегі математика жылы ретінде ресми түрде жариялаудың жоспарлары туралы айтып өтті. Бұл мемлекеттің дамуы үшін де, және де 2022 жылы Санкт-Петербургте өткізілетін Математиктердің халықаралық конгресіменде (International Congress of Mathematicians, ICM), математиканың маңыздылығын ерекше көрсетіп өтудің қажеттілігінмен де байланысты. Математиктердің халықаралық конгресі — әлемнің жетекші математиктерінің ең ықпалды және жаппай съезді Бүкіл дүниежүзілік математикалық конгресі сияқты белгілі. Ол Халықаралық математиктердің одағы (IMU) қамқорлығымен төрт жылда бір рет өткізіледі. Конгресте әртүрлі секциялар және баяндамалардан басқа математика саласындағы ең маңызды сыйлықтар — Филдс медалі, Неванлинна сыйлығы, Гаусс премиясы, Черн сыйлығы және математиканың әйгілілігі үшін Лилавати сыйлығы тапсырылады. Осындай Санкт-Петербургте өтетін ірі халықаралық шараның өткізілуі, Ресей және барлық посткеңестік кеңістіктегі математиктердің жоғары халықаралық деңгейде екендігінің тағы бір дәлелі болып табылады. Академик В.А. Садовничий конференцияның барлық қатысушыларын осы 2020 жылда өтетін ірі математикалық форумға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Фотода: конференция кезінде (солдан оңға қарай) Қазақстанның математика қоғамының вице-президенті ҚР ҰҒА академигі Т.Ш. Кальменов, М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің ректоры РҒА академигі В.А. Садовничий, Математика және математикалық моделдеу институтының бас директоры ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі М.А. Садыбеков.
Жаңалықтар
- 8-ші Халықаралық талдау және қолданбалы математика конференциясы, 2026
- Магистратура студенттеріне арналған ғылыми тағылымдама: білім беру мен озық зерттеулерді біріктіру, 2026.04
- «Қазақстан математиктерінің бірінші конгресі», Шымкент қаласы, 2026 жылғы 3-7 сәуір
- Профессор ғылыми атағын алуға үміткер Құдайбергенов Қанат Жанзақұлының құжаттары
- Профессор ғылыми атағын алуға үміткер Төребек Берікбол Тілләбайұлының құжаттары
- Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуға үміткер Шаймардан Серікболдың құжаттары
- ДӘСТҮРЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘУІР МАТЕМАТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ РЕФЕРАТТАР ЖИНАҒЫ, 1-4 сәуір, 2025
- Профессор ғылыми атағын алуға үміткер Туленов Қанат Серікұлының құжаттары
- Екінші ақпараттық хабарлама, 1-4 сәуір, 2025
- Алғашқы ақпараттық хабарлама, 1-4 сәуір, 2025
- Доцент ғылыми атағын алуға үміткер Есіркегенов Нұргиса Аманкелдіұлының құжаттары
- “Evolution Equations, Approximation and Spectral Optimization” EEASO-2024
- Профессор ғылыми атағын алуға үміткер Қадірбаева Жазира Мұратбекқызының құжаттары
- Доцент ғылыми атағын алуға үміткер Мыңбаева Сандуғаш Табылдиевнаның құжаттары
- «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңға қатысты ақпарат
- ДӘСТҮРЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘУІР ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ РЕФЕРАТТАР ЖИНАҒЫ, 16-19 және 22 сәуір, 2024
- Екінші ақпараттық хабарлама, 16-19 сәуір, 2024 жыл
- Доцент ғылыми атағын алуға үміткер Cәбитбек Болыс Мәжитұлының құжаттары
- Алғашқы ақпараттық хабарлама, 16-19 сәуір, 2024 жыл
- 2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсын өткізу туралы хабарландыру




