Математикалық журнал

2022-2024 жылдарға гранттық қаржыландыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі – Ғылым комитеті) ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға конкурс жариялайды:
https://www.gov.kz/memleket/entities/sc/press/news/details/336036?lang=ru


Конкурстық өтінімдер Ғылым комитетіне жобаның ғылыми жетекшісінің және өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды түрде, https://is.ncste.kz сілтемесі бойынша «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы беріледі. Өтінімдерді қабылдаудың басталуы - 2022 жылдың 9 наурызы.

Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі - 2022 жылдың 8 сәуірі (қоса алғанда).

Жаңалықтар