Математикалық журнал

«Дифференциалдық операторлар және олардың қолданылуы» қалалық ғылыми семинары 11

Қалалық ғылыми семинар

«Дифференциалдық операторлар және олардың қолданылуы»

Zoom, 15:00, 18 наурыз 2021

 

Семинар Zoom арқылы трансляция жасалады

https://us02web.zoom.us/j/6678270445?pwd=SFNmQUIvT0tRaHlDaVYrN3l5bzJVQT09

Конференция идентификаторы: 667 827 0445, Кіру коды: 1

 

Семинар жетекшілері:

ҚР ҰҒА академигі М. Өтелбаев, ҚР ҰҒА академигі Т.Ш. Кальменов,

профессор Б.Е. Кангужин, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі М.А. Садыбеков

 

Баяндамашы: Айтжанов Серік Ерсұлтанұлы

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

 

Тақырыбы:«Соболев типті теңдеу үшін кері есептің шешімділігі»

 

Абстракт: Бұл жұмыс жеткілікті тегіс шекарасы бар облыста псевдопараболалық теңдеулер (кейде оны Соболев типті теңдеулер деп атайды) үшін кері есептің шешімінің сапалы қасиеттерін зерттеуге арналған. Галеркин әдісімен шенелген аймақтағы кері есептің әлсіз шешімінің болуы дәлелденеді. Соболев салынымы теоремаларын пайдаланып, шешімнің априорлық бағалары алынды. Шешімнің бар болуы туралы локалді және глобалді теоремалар алынды. Сонымен қатар, шешімдердің асимптотикалық t→∞ болғандағы қасиеті, сондай-ақ ақырлы уақытта қирау мәселелері қарастырылады.

 

 

Барлықтарыңызды күтеміз! 

Жаңалықтар