Қалалық ғылыми семинар
«Дифференциалдық операторлар және олардың қолданылуы»
Zoom, 15:00, 09 желтоқсан 2021
Семинар Zoom арқылы трансляция жасалады
https://us02web.zoom.us/j/6678270445?pwd=SFNmQUIvT0tRaHlDaVYrN3l5bzJVQT09
Конференция идентификаторы: 667 827 0445, Кіру коды: 1
Семинар жетекшілері:
ҚР ҰҒА академигі М. Өтелбаев, ҚР ҰҒА академигі Т.Ш. Кальменов,
профессор Б.Е. Кангужин, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі М.А. Садыбеков
Баяндамашы: Кангужин Балтабек Есматұлы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Математика және математикалық моделдеу институты
Тақырыбы: «Екі өлшемді сферадағы Лаплас-Бельтрами операторының дельта тәрізді ауытқулары»
Абстракт: Бұл баяндамада екі өлшемді сферада Лаплас-Бельтрами операторы енгізіледі. Лаплас операторы сияқты, Лаплас-Бельтрами операторы да градиенттің дивергенциясы ретінде анықталады және сферада анықталған функциялар класына әсер ететін сызықтық оператор болып табылады. Грин функциясы жазылады. Содан кейін барлық дұрыс қойылған есептер бір нүктеде тесілген сферада жазылады.