Қалалық ғылыми семинар
«Дифференциалдық операторлар және олардың қолданылуы»
Zoom, 15:00, 27 қаңтар 2022
Семинар Zoom арқылы трансляция жасалады
https://us02web.zoom.us/j/6678270445?pwd=SFNmQUIvT0tRaHlDaVYrN3l5bzJVQT09
Конференция идентификаторы: 667 827 0445, Кіру коды: 1
Семинар жетекшілері:
ҚР ҰҒА академигі М. Өтелбаев, ҚР ҰҒА академигі Т.Ш. Кальменов,
профессор Б.Е. Кангужин, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі М.А. Садыбеков
Баяндамашы: проф. Мұхамбетжанов Салтанбек Талапеденұлы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
ҚР Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент мүшесі,
«International Academy of Natural History» толық мүшесі,
Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі
Тақырыбы: «Кеуекті ортадағы сұйықтықты сүзу процестерін математикалық және сандық моделдеу»
Абстракт: Бұл есепте кеуекті ортадағы сұйықтықты сүзу процестерін сипаттайтын математикалық модельдер қарастырылады. Бұл модельдер мұнай, газ және уран кен орындарында қолданылады. Мақалада изотермиялық және изотермиялық емес сүзу теориясының негізгі модельдері, сондай-ақ кеуекті ортадағы сұйықтықты сүзу үшін беттік белсенді заттарды қолданатын математикалық модельдер ұсынылған. Сонымен қатар, тікелей есеппен қатар, кен орнының процесс параметрлерін өзгертуге арналған кері есептер қарастырылады. Кейбір модельдер Стефан мен Веригин есептерінің күрделі нұсқаларын білдіреді. Талқыланған модельдерге сүйене отырып, Қазақстан Республикасының батыс аймағындағы нақты мұнай және газ кен орындары үшін «ИСАР» деп аталатын бағдарламалық пакет жасалды. Модельдер ірі және шағын масштабты жуықтауларда ұсынылған.