Қалалық ғылыми семинар
«Дифференциалдық операторлар және олардың қолданылуы»
Математика және математикалық моделдеу институты, каб. 306,
15:00 (Алматы, GMT+5), 26 қазан 2023
Семинар Zoom арқылы трансляция жасалады
https://us02web.zoom.us/j/6678270445?pwd=SFNmQUIvT0tRaHlDaVYrN3l5bzJVQT09
Конференция идентификаторы: 667 827 0445, Кіру коды: 1
Семинар жетекшілері:
ҚР ҰҒА академигі М. Өтелбаев, ҚР ҰҒА академигі Т.Ш. Кальменов,
профессор Б.Е. Кангужин, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі М.А. Садыбеков
Баяндамашы: Мейрам Ахымбек, PhD
Математика және математикалық моделдеу институты, Алматы, Қазақстан
Тақырыбы: «Симметриялық операторлар идеалдарындағы Троттер-Като көбейтінді формуласы және пропагатордың жуықтау формуласы»
Аңдатпа: Бұл баяндамада біз әртүрлі топологиялардағы Троттер-Като көбейтінді формуласын қарастырамыз. Атап айтқанда, біз оның барлық симметриялы (квази-)Банах идеалдарының класын қамтитын, логарифмдік субмажоризацияға қатысты тұйық симметриялы F-нормаланған идеалдарда зерттейміз.
Баяндаманың екінші бөлігі абстрактілі автономды емес эволюция теңдеуі туралы. Біз мұндай теңдеудің пропагаторының бар екендігін және оның кез-келген симметриялы Банах идеалында жуықтау формуласын дәлелдейміз. Автономды жағдайда жуықтау формуласы Троттер(-Като) көбейтінді формуласына сәйкес келеді.