Қалалық ғылыми семинар
«Дифференциалдық операторлар және олардың қолданылуы»
Математика және математикалық моделдеу институты
ОНЛАЙН
15:00 (Алматы, GMT+5), 19 наурыз 2026
Семинар Zoom арқылы трансляция жасалады
https://us02web.zoom.us/j/6678270445?pwd=SFNmQUIvT0tRaHlDaVYrN3l5bzJVQT09
Конференция идентификаторы: 667 827 0445, Кіру коды: 1
Семинар жетекшілері:
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі М. Өтелбаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Т.Ш. Кальменов,
профессор Б.Е. Кангужин, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі М.А. Садыбеков
Баяндамашы: Болыс Сабитбек
Лондондағы Королева Мэри университетінің математикалық ғылымдар мектебі, Лондон; МММИ
Тақырыбы: «Критикалық әлсіз гиперболалық және сингуляр жүйелер үшін шашырау теориясы мен асимптотикалық қасиеттер»
"Scattering and Asymptotics for Critically Weakly Hyperbolic and Singular System"
Аңдатпа:
Біз t = 0 уақыт мезетінде бір жағынан әлсіз гиперболалық түрге өтетін, екінші жағынан төменгі ретті коэффициенттерінде сингулярлық болатын бірінші ретті сызықтық гиперболалық жүйелердің өте жалпы класын қарастырамыз. Әлсіз гиперболалықтықтың «критикалық» жағдайында шешімдердің t = 0 нүктесінде белгілі бір шамаға дейін регулярлығын жоғалтатыны бұрыннан белгілі. Бұл жұмыста біз әлсіз гиперболалық жағдайға қатысты бұрынғы нәтижелерді тереңдетеміз, сондай-ақ осы талдауды критикалық сингуляр коэффициенттері бар жүйелерге де жалпылаймыз. Мұндай жүйелерде де t = 0 маңында шешімдердің асимптотикасы өзгеріп, регулярлықтың жоғалуы байқалуы мүмкін.
Атап айтқанда, біз:
(1) t \to 0 кезіндегі шешімдердің асимптотикалық қасиеттерін,
(2) t = 0-дегі асимптотикалық деректер бойынша жүйені шешуге қатысты шашырау есебін,
(3) t = 0-дегі дегенерация әсерінен туындайтын регулярлықтың жоғалуын
дәл сипаттаймыз.
Соңында бұл нәтижелердің кең ауқымды қолданылуларын талқылаймыз. Атап айтқанда, бұларға әлсіз гиперболалық толқын теңдеулері (сондай-ақ жоғары ретті теңдеулер), сонымен бірге салыстырмалылық теориясы мен космологияда кездесетін теңдеулер (мысалы, Үлкен жарылыс сингулярлығы маңындағы теңдеулер) жатады.
Бұл жұмыс Arick Shao (QMUL, Ұлыбритания) авторымен бірлесіп орындалған.
Препринт: arXiv:2506.11348
Барлықтарыңызды күтеміз!