Математикалық журнал

«Дифференциалдық операторлар және олардың қолданылуы» қалалық ғылыми семинары 7

Қалалық ғылыми семинар

«Дифференциалдық операторлар және олардың қолданылуы»

Zoom, 15:00, 18 ақпан 2021

 

Семинар Zoom арқылы трансляция жасалады

https://us02web.zoom.us/j/6678270445?pwd=SFNmQUIvT0tRaHlDaVYrN3l5bzJVQT09

Конференция идентификаторы: 667 827 0445, Кіру коды: 1

 

Семинар жетекшілері:

ҚР ҰҒА академигі М. Өтелбаев, ҚР ҰҒА академигі Т.Ш. Кальменов,

профессор Б.Е. Кангужин, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі М.А. Садыбеков

 

Баяндамашы: Бөріханов М. Б.,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Математика және математикалық модельдеу институты

– «6D060100-Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

 

Тақырыбы: «Бөлшек ретті дифференциалдық теңдеулердің регуляр және сингуляр шешімдерін зерттеу»

 

Абстракт: Бұл диссертациялық жұмыс бөлшек ретті дифференциалдық теңдеулердің регуляр және сингуляр шешімдерін зерттеуге арналған. Риман - Лиувилль, Капуто - Фабрицио және жалпыланған Капуто - Фабрицио мағынасындағы бөлшек ретті дифференциалдық операторлар қатысқан диффузия теңдеуі үшін максимум қағидасы зерттелген. Сызықты бөлшек ретті диффузия теңдеуі үшін Дьюамел принципінің аналогы алынған. Бейлокалды және салмақты бейсызықты диффузия теңдеулері мен теңдеу жүйелерінің локалды шешімдерінің бар болуы, сонымен қатар экспоненциалды бейсызықты бөлшек ретті диффузия теңдеуі және теңдеулер жүйесінің локалды және глобалды шешілімділігі зерттелген. Полинималды бейсызықты бөлшек ретті диффузия теңдеуі мен теңдеулер жүйесі үшін глобал шешімнің болмау шарттары, яғни Фуджита типті критикалық көрсеткіштері табылған.

 

Толық ақпарат

 

 

Барлықтарыңызды күтеміз! 

Жаңалықтар