Городской научный семинар
«Дифференциальные операторы и их приложения»
Zoom, 15:00, 25 ақпан 2021
Семинар Zoom арқылы трансляция жасалады
https://us02web.zoom.us/j/6678270445?pwd=SFNmQUIvT0tRaHlDaVYrN3l5bzJVQT09
Конференция идентификаторы: 667 827 0445, Кіру коды: 1
Семинар жетекшілері:
ҚР ҰҒА академигі М. Өтелбаев, ҚР ҰҒА академигі Т.Ш. Кальменов,
профессор Б.Е. Кангужин, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі М.А. Садыбеков
Баяндамашы: Алтыбай Аршын
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Математика және математикалық моделдеу институты
– «6D075100-Информатика, есептеу техникасы және басқару» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Тақырыбы: «Сингулярлы коэффициентті гиперболалық типтегі теңдеулерді моделдеуге арналған жоғары өнімді параллель алгоритмдер мен бағдарламалық кешен құру: цунами және акустикалық толқындардың таралуы»
Абстракт: Бұл диссертациялық жұмыс цунами және акустикалық толқын теңдеуі сияқты сингулярлы коэффициентті гиперболалық типті теңдеулерді сандық моделдеудің бағдарламалық кешенін және өнімділігі жоғары параллель алгоритмдерді әзірлеуге арналған. Қазіргі кезде кездейсоқ пайда болатын және тез өзгеретін процестер орасан зор экологиялық және экономикалық проблемаларға алып келуде. Сондықтан мұндай процестерді моделдеу өте маңызды. Осындай есептердің көпшілігі сингулярлы коэффициенттері бар гиперболалық типтік теңдеулермен модельденеді.