Күні:
27 ақпан 2020
Бельгия, Гент университеті
Алты қазақстандық математик Бельгияда ғылыми семинарға қатысуда. Екі постдокторант: Нияз Тоқмағамбетов пен Берікбол Төребек және төрт докторант: Айшабибі Дүкенбаева, Баян Бекболат, Дәуренбек Серікбаев және Алтыбай Аршын.
Бұл Гент университеті (QS 2020 рейтингінде 130-шы, THE World University Rankings рейтингінде 143-ші, Reuters Most Innovative Universitys рейтингінде 88-ші және Shanghai ARWU 2019 рейтингінде 66-шы).
Семинарға жас қазақстандық математиктерге үлкен көмек көрсеткен профессор Михаил Ружанский жетекшілік етеді.
Қазақстандық қатысушылардан басқа, Колумбиядан келген қатысушылар да бар.




