Конференциялар
Дәстүрлі халықаралық сәуір ғылыми конференциясы, 2018 10 сәуір 2018 · Математика және математикалық моделдеу институты
АЛҒАШҚЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Математика және математикалық моделдеу институты Сіздерді
Қазақстан Республикасы Ғылым қызметкерлері күніне арналған Дәстүрлі халықаралық сәуір ғылыми конференциясына қатысуға шақырады.
Конференция 2018 жылғы 10 сәуірде Математика және математикалық моделдеу институтында, Қазақстан, Алматы қ., Пушкин к-сі, 125 мекенжайы бойынша өтеді.
Конференцияның негізгі мақсаты – Қазақстанның ғылыми-математикалық қоғамдастығын біртұтас қуатты әлеуметтік институт ретінде қолдау. Зерттеу нәтижелерін Дәстүрлі халықаралық сәуір конференциясында ұсыну арқылы зерттеуші ғылыми ақпаратты елдің бүкіл математикалық қоғамдастығына таратуды қамтамасыз етеді.
Дәстүрлі конференцияның міндеттері:
- математиктерге математикалық зерттеулердің барлық түрлері бойынша теория мен практика бойынша еркін ақпарат пен пікір алмасу мүмкіндігін беру;
- іргелі және қолданбалы математикалық зерттеулердің соңғы нәтижелерімен танысу;
- дүние жүзіндегі және оның ішінде Қазақстанда математика ғылымының қазіргі жағдайын және даму жолдарын талқылау.
Конференцияның Бағдарламалық комитетінің төрағасы – Математика және математикалық моделдеу институтының бас директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Қалменов Т.Ш.
Ұйымдастыру комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Байжанов Б.С.
Бағдарлама мен Ұйымдастыру комитеттерінің құрамы және басқа да мәліметтер жақын арада МММИ сайтында жарияланады: http://www.math.kz.
Конференция дәстүрлі секцияларда өтеді:
- Алгебра, математикалық логика және геометрия;
- Функциялар теориясы және функционалдық талдау;
- Дифференциалдық теңдеулер және операторлар теориясы;
- Математикалық физиканың математикалық моделдеу және теңдеулері.
Конференция пленарлық (30-40 мин.) және секциялық (15-20 мин.) баяндамалардан тұрады.
Конференцияның басында тезистер жинағы шығарылады.
Ұйымдастыру комитеті Сіздерді Конференцияға қатысуға шақырады. 2018 жылдың 30 наурызына дейін Конференцияны ұйымдастыру комитетінің conference_2018@math.kz электрондық мекенжайына қатысуға өтініміңізді және баяндамаңыздың тезистерін қоса берілген нысан бойынша жіберуіңізді сұраймыз.
Ұйымдастыру комитетінің төрағасы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Байжанов Б.С.
