ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ ДӘСТҮРЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘУІР МАТЕМАТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ, 1-3 СӘУІР 2020, АЛМАТЫ, ҚАЗАҚСТАН
Алғашқы ақпараттық хабарлама
Математика және математикалық модельдеу институты Сіздерді Қазақстан Республикасы ғылым қызметкерлері күніне орай өтетін дәстүрлі халықаралық сәуір математикалық конференциясына қатысуға шақырады.
Биылғы конференция
- Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына және
- Математика және математикалық модельдеу институтының 75 жылдығына арналады
Конференция 2020 жылғы 1 сәуір мен 3 сәуір аралығында Математика және математикалық модельдеу институтында, Қазақстан, Алматы қ., Пушкин к-сі, 125 мекенжайы бойынша өтеді.
Дәстүрлі конференцияның міндеттері:
- математиктерге математикалық зерттеулердің теориясы мен практикасы бойынша еркін ақпарат пен пікір алмасу мүмкіндігін беру;
- іргелі және қолданбалы математикалық зерттеулердің соңғы нәтижелерімен танысу;
- әлемдегі және Қазақстандағы математика ғылымының қазіргі жағдайын және даму жолдарын талқылау; Қазақстанның ғылыми математикалық қоғамдастығын қолдау.
Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.
Конференция дәстүрлі секцияларда өтеді:
- Алгебра, математикалық логика және геометрия
(жетекшілері: ҚР ҰҒА академигі Жұмаділдаев А.С. және ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Байжанов Б.С.);
- Дифференциалдық теңдеулер, функциялар теориясы және функционалдық талдау
(жетекшілері: ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Садыбеков М.А. және профессор Нұрсұлтанов Е.Д.);
- Математикалық модельдеу және математикалық физика
(жетекшілері: ҚР ҰҒА академигі Харин С.Н. және профессор Джумабаев Д.С.).
Конференцияның басында тезистер жинағы шығарылады. Таңдалған баяндамалар «Kazakh Mathematical Journal» журналында жарияланады деп күтілуде.
Бағдарлама комитетінің төрағасы: Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Қалменов Т.Ш.,
Ұйымдастыру комитетінің төрағасы: Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Байжанов Б.С.
Маңызды күндер:
— 8 наурызға дейін — алдын ала жазылу және тезистерді қабылдау;
— 20 наурызға дейін — есептерді бағдарламаға енгізуді растау;
— 31 наурыз — қатысушылардың келген күні;
— 1 сәуір — қатысушыларды тіркеу, конференцияның ашылуы;
— 3 сәуір — түскі асқа дейін кездесулер, конференцияның жабылуы;
— 4 сәуір – қатысушылардың аттанатын күні.
Бағдарлама мен Ұйымдастыру комитеттерінің құрамы және басқа да мәліметтер жақын арада МММИ сайтында жарияланады: http://www.math.kz.
Үлгі бойынша қатысуға өтінімдер мен баяндамалардың тезистерін Конференцияны ұйымдастыру комитетінің conference2020@math.kz электрондық мекенжайына 2020 жылдың 8 наурызына дейін жіберулеріңізді сұраймыз.
Тіркелу үлгісі
Жаңалықтар
- 8-ші Халықаралық талдау және қолданбалы математика конференциясы, 2026
- Магистратура студенттеріне арналған ғылыми тағылымдама: білім беру мен озық зерттеулерді біріктіру, 2026.04
- «Қазақстан математиктерінің бірінші конгресі», Шымкент қаласы, 2026 жылғы 3-7 сәуір
- Профессор ғылыми атағын алуға үміткер Құдайбергенов Қанат Жанзақұлының құжаттары
- Профессор ғылыми атағын алуға үміткер Төребек Берікбол Тілләбайұлының құжаттары
- Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуға үміткер Шаймардан Серікболдың құжаттары
- ДӘСТҮРЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘУІР МАТЕМАТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ РЕФЕРАТТАР ЖИНАҒЫ, 1-4 сәуір, 2025
- Профессор ғылыми атағын алуға үміткер Туленов Қанат Серікұлының құжаттары
- Екінші ақпараттық хабарлама, 1-4 сәуір, 2025
- Алғашқы ақпараттық хабарлама, 1-4 сәуір, 2025
- Доцент ғылыми атағын алуға үміткер Есіркегенов Нұргиса Аманкелдіұлының құжаттары
- “Evolution Equations, Approximation and Spectral Optimization” EEASO-2024
- Профессор ғылыми атағын алуға үміткер Қадірбаева Жазира Мұратбекқызының құжаттары
- Доцент ғылыми атағын алуға үміткер Мыңбаева Сандуғаш Табылдиевнаның құжаттары
- «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңға қатысты ақпарат
- ДӘСТҮРЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘУІР ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ РЕФЕРАТТАР ЖИНАҒЫ, 16-19 және 22 сәуір, 2024
- Екінші ақпараттық хабарлама, 16-19 сәуір, 2024 жыл
- Доцент ғылыми атағын алуға үміткер Cәбитбек Болыс Мәжитұлының құжаттары
- Алғашқы ақпараттық хабарлама, 16-19 сәуір, 2024 жыл
- 2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсын өткізу туралы хабарландыру




